Финляндия ауылында туған әр балаға 10 мың еуро төленбек

0
886

"2012 жылы бұл ауылда бір бала дүниеге келген"


Финляндия ауылында туған әр балаға 10 мың еуро төленбек

ERNUR.KZ. Финляндияның Лестиярви ауылы демографиялық проблемамен күресу үшін бір балаға 10 мың еуро жәрдемақы төлеуді қолға алған, деп жазады ҚазАқпарат.

«2012 жылы бұл ауылда бір бала дүниеге келген. Халық санының азайып жатқанына алаңдаушылық білдірген билік жаңа туған әр балаға 10 мың еуро төлеу туралы шешім қабылдаған. Бұл бағдарлама жүзеге асырылып жатқан алты жылда бала туу көрсеткіші артып, биыл ауылда 14 бала дүниеге келген» деп жазады ВВС журналисті.

Оның айтуынша, жәрдемақы 10 жыл бойы бөліп төленеді.

«Дегенмен, жәрдемақы тоқтаған соң ауылдан қайта көшіп кететін халық көп», - дейді автор.

Айта кету керек, Финляндия халқының орташа жасы бойынша әлемде көш бастап тұрған мемлекеттердің бірі.