Финляндияның НАТО-ға кіруі кейінге шегерілді

0
726

Бұл елдің одаққа мүше болуына ресми Анкара қарсы болып отыр.


Финляндияның НАТО-ға кіруі кейінге шегерілді

ERNUR.KZ. Финляндияның НАТО альянсына кіру жөнінде Түркиямен жүргізген келіссөздері нәтиже бермеді, деп жазады inbusiness.kz.

Ниисте 20 маусымда Анкара делегациясымен кездесу өткізген болатын.

"Біз ортақ мәмілеге келе алмадық, бірақ біз талқылаулардың басталғанына қуаныштымыз. Мен елдің альянсқа нақты қашан кіретінін айта алмаймын, бірақ қыркүйекке дейін одаққа кіруіміз екіталай", – деді ол.

Ескере кететін жайт, бұл елдің одаққа мүше болуына ресми Анкара қарсы болып отыр. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Швеция мен Финляндия Анкараның талаптарын орындамайынша альянсқа кірмейді деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, әскери блокқа мүше болу үшін бұл елдер терроризмді қолдауды тоқтатып, Түркияға қарсы салынған санкцияларды алып тастап, ынтымақтастыққа бет бұруы тиіс.

28-30 маусым аралығында Мадридте НАТО-ның кезекті саммиті өтеді.