Республика президенті 7 күнге оқшауланады.
ERNUR.KZ. Франция президенті Эммануэль Макрон коронавирус жұқтырды, деп жазады Tengrinews.kz.
"Республика президентінде COVID-19 диагнозы расталды", - делінген хабарламада. 
Диагноз RTPCR тестінің негізінде ең алғашқы симптомдар байқала бастағаннан кейін қойылған. 
"Қолданыстағы санитарлық ережеге сәйкес, республика президенті 7 күнге оқшауланады. Ол жұмысын қашықтан істейді", - делінген мәлімдемеде. 
            
 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
