Францияда адвокаттар мен дәрігерлер ереуілге шықты

0
801

Ереуілшілер өздерінің дербес зейнетақы қорларына мемлекеттің қол сұқпауын талап етуде.


Францияда адвокаттар мен дәрігерлер ереуілге шықты

ERNUR.KZ. Францияда адвокаттар мен дәрігерлер зейнетақы жүйесінің реформасына қарсы ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Макрон ұсынған реформа елде бірыңғай зейнетақы жүйесін құруды қарастырып отыр. Жекеменшік дәрігерлер мен қорғаушылар ай сайын зейнетақы қорына жалақысының 14%-ін аударады. Үкімет бұл жарнаны 28%-ке көтеруді көздеп отыр. Ереуілшілер шешімге қарсы шығып, өздерінің дербес зейнетақы қорларына мемлекеттің қол сұқпауын талап етуде.

- Ұлттық зейнетақы қорында қаржы тапшылығын байқаған мемлекет ақша табуды ұйғарған. Адвокаттар мен жекеменшік дәрігерлердің дербес зейнетақы қорлары жақсы басқарылатынын көріп, енді барлық дербес қорларды біріктіріп, қаражаты жетіспейтін ұлттық қорды қолдағысы келіп тұр, - деді физиотерапевт Мартен Бува.

- Олар зейнетақы қорына аударымдарымымызды екі есе көтергісі келеді. Бірақ біздің қорлар дербес, ешкімнен ешнәрсе сұрамайды. Әдетте біздің мамандарымыз зейнетке мерзімінен кеш шығады. Сол себептен біз ақырында аз алу үшін, қазір көп төлеуге қарсымыз, - дейді адвокат Дельфин Левад.