Газаның солтүстігіндегі соңғы аурухана жұмысын тоқтатты

0
483

Әуеден және артиллериядан атқылауда.


Газаның солтүстігіндегі соңғы аурухана жұмысын тоқтатты

ERNUR.KZ. Газа секторының солтүстігінде жұмыс істеп тұрған жалғыз аурухана жанармай тапшылығы мен Израильдің ауыр соққыларының әсерінен сәрсенбі күні жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Газа секторының денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Мунир әл-Бурш мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Камал Адван ауруханасы Израильдің үнемі атқылауына және генераторларды пайдалану үшін қажетті отын қорының таусылуына байланысты жұмысын тоқтатты", - деді Мунир әл-Бурш баспасөз мәжілісінде.

Оның айтуынша, Израиль әскері Бейт-Лахия қаласындағы аурухананы қоршауға алуды жалғастыруда әрі әуеден және артиллериядан атқылауда.

Сондай-ақ ол сейсенбіге қараған түні аурухана 100-ден астам өлген адамның денесін қабылдағанын, бірақ қатты соққыдан оларды жерлеу мүмкін болмағанын айтты.