Үй 3 қабаттан тұрады.
ERNUR.KZ. Германияда 3D-принтерінде басып шығарылған Еуропадағы ең үлкен үй салынып жатыр, деп хабарлайды Хабар24.
Үй 3 қабаттан тұрады. Жұмысшылар небәрі 2 күн ішінде оның бір қабатын тұрғызып тастаған екен.
Тұрғын үйдің ауданы – 380 шаршы метр. Онда 5 пәтер болады деп жоспарланып отыр.
Мамандар үш өлшемді технологияның арқасында құрылыс жұмыстары кәдімгідей жеңілдеп қалғанын айтады. Сондай-ақ жұмыс күшінің тапшылығы секілді мәселені шешуге де көп көмегі тиеді дейді. Алайда бір кемшілігі: үш өлшемді принтерді ауа температурасы нөлден төмендегенде қолдануға болмайды екен.
– Германияда құрылыс стандарттары өте жоғары. Ал мына технология солардың бәріне сай келеді. Үш өлшемді технология барлық жағынан үнемді. Принтердің көмегімен қалаған формаларды құрастырып, басып шығаруға болады. Көппәтерлі үйдің құрылысына әдетте 5 адам жұмылдырылса, мына ғимаратқа 2-3 жұмысшы жетіп жатыр, - дейді құрылыс компаниясының өкілі Фабиан Мейер-Броц.