Сингапурдағы технология және дизайн университетінің зерттеушілері инфекцияның таралуының математикалық моделін талдай отырып, осындай қорытындыға келді.
ERNUR.KZ. Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде осы жылдың желтоқсанына дейін аяқталады, бірақ кейбір елдерде сәл ертерек бітуі мүмкін, деп жазады Stan.kz.
Сингапурдағы технология және дизайн университетінің зерттеушілері инфекцияның таралуының математикалық моделін талдай отырып, осындай қорытындыға келді.
Олардың мәліметтеріне сәйкес, АҚШ-та COVID-19 коронавирусы қыркүйектің екінші онкүндігінде жоқ болады, ал Ұлыбританияда бұл сәт ертерек - тамыз айының соңында болуы мүмкін.
Ғалымдар жағдай үнемі өзгеріп отыратындықтан, мәліметтер өте дәл болмауы мүмкін екенін атап өтті.
"Оқырмандар кез-келген болжамды сақтықпен қабылдауы керек. Кейбір болжамдарға негізделген шамадан тыс оптимизм қауіпті, себебі бұл алдын алу шаралары мен өзін-өзі оқшаулауды әлсіретеді, ал ол аурудың өсуіне әкеледі", - делінген хабарламада.