Ғалымдар фруктозаның тері, сүт безі және жатыр мойны обырына әсерін зерттеді.
Фото: dkrechniki.ru
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетінің ғалымдары фруктоза кейбір ісік ауруларының өсуіне ықпал ететінін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Ғалымдар фруктозаның тері, сүт безі және жатыр мойны обырына әсерін зерттеді. Тәжірибе кезінде қатерлі ісікке шалдыққан тышқандар мен данио балықтары ұзақ уақыт бойы фруктозаға бай тағаммен қоректенді. Бақылау тобы оларды қалыпты түрде тамақтандырды.
Ісіктердің өсу қарқынын салыстыру нәтижесі фруктозаның процеске ықпал ететінін көрсетті.
Сонымен қатар қанттың өзі рак клеткаларына енбейді. Олар бауыр өңделген кезде пайда болатын липидтермен қоректенеді. Бұл қауіпті болуы мүмкін, өйткені фруктозаны тұтыну соңғы 5 жылда күрт өсті.
Қазір біз фруктозаны 1960 жылдардағыдан 15 есе көп тұтынамыз.