Ғалымдар Жер ғаламшарындағы адамдардың жойылатын уақытын анықтады

0
17 724

Ғалымдар нәтижесінде барлық сүтқоректілер, соның ішінде адамдар да 250 миллион жыл ішінде жойылып кетуі мүмкін екенін айтады.


Ғалымдар Жер ғаламшарындағы адамдардың жойылатын уақытын анықтады

ERNUR.KZ. Бристоль университетінің ғалымдары арнайы зерттеу жүргізіп, жер бетіндегі барлық тіршілік иелері қашан жойылатынын анықтады, деп жазады stan.kz.

Nature Geoscience журналында ғалымдар күн радиациясының жылулық радиация шығарындыларынан асып кетуіне бірнеше миллиард жыл қажет екенін айтты. Сонымен қатар, Жердің плиталық тектоникасының өзгерісіне және ұзақ мерзімді процестерге байланысты Жер сүтқоректілер үшін бұл уақыттан бұрын тез жарамсыз болуы мүмкін.

Ғалымдар нәтижесінде барлық сүтқоректілер, соның ішінде адамдар да 250 миллион жыл ішінде жойылып кетуі мүмкін екенін айтады.

“Болжам бойынша, осы уақытқа дейін барлық континенттер бір суперконтинент Pangea Ultima-ға бірігеді. Континенттер ыстық, құрғақ және өмір сүруге жарамсыз дерлік массаға айналады”, – деп болжайды мамандар.