Роскосмостың қорытынды есебі бойынша, 2019 жылы ХҒС-да төрт транспорттық пилоттық кеме ұшырылды, олардың біреуі пилотсыз режимде, ал үшеуі транспорттық жүк кемелері болды.
ERNUR.KZ. Роскосмос ғарышкерлері Александр Скворцов пен Олег Скрипочка Халықаралық ғарыш станциясы бортынан видеоқұттықтау жіберді, деп жазады ҚазАқпарат.
Ғарышкерлер құттықтауларында әлемде болып жатқан түрлі келіспеушіліктер мен дауларға қарамастан Жердегі және ғарыш станциясындағы адамдар бір-бірімен достық қарым-қатынасты негізгі ұстаным етеді.
Қазір ХҒС-дағы вахтада алты космонавт мен астронавт бар: ресейлік Александр Скворцов пен Олег Скрипочка, америкалықтар Эндрю Морган, Кристина Кук, Джессика Меир және итальяндық Лука Пармитано. Роскосмостың қорытынды есебі бойынша, 2019 жылы ХҒС-да төрт транспорттық пилоттық кеме ұшырылды, олардың біреуі пилотсыз режимде, ал үшеуі транспорттық жүк кемелері болды.
Станцияға экипаж құрамының 9 адамы (олар жұмыс аяқталған соң Жерге оралды), 5 тонна жүк, сонымен қатар бірқатар ғылыми-қолданбалы зерттеу нәтижелері жеткізілді.
Халықаралық ғарыш айлағындағы ғарышкерлер бір тәулікте Жерді 16 рет айналып ұшып шығады және соншалықты күн мен түнге кез болады. Яғни, оларда 2020 жылды 16 рет қарсы алу мүмкіндігі бар.