Грекияда нөсер жауын салдарынан 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды

0
819

Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис төтенше жағдайлар қызметтерін жоғары дайындыққа келтіріп, табиғи апатпен күресуге әскерді тартуды бұйырды.


Грекияда нөсер жауын салдарынан 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Грекияда тағы табиғи апат болды. Ел алапат орман өрттері мен "Дэниел" дауылынан ес жиып үйлгермей жатқанда, қатты жаңбыр жауып, дауыл тұрды, деп жазады zakon.kz.

CNN басылымының жазуынша, жойқын өрттер мен дауылдан кейін Грекия Фессалия аймағында болған толассыз жауған жаңбыр салдарын жоюға мәжбүр. "Элиас" жаңа дауылы нөсер жаңбыр әкелді, соның салдарынан Фессалиядағы ауылдарды су басып, жолдарды шайып, мектептер жұмысын тоқтатты.

Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис төтенше жағдайлар қызметтерін жоғары дайындыққа келтіріп, табиғи апатпен күресуге әскерді тартуды бұйырды. 3 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.


Синоптиктердің мәліметінше, бір күнде Грекияда жауын-шашынның бірнеше айлық нормасы түскен. Бұған дейін "Дэниел" дауылынан зардап шеккен Волос қаласында 14 сағатта жауған жауын-шашын мөлшері сегіз айдағы нормадан асып түсті. Әл-Жазира телеарнасы жариялаған видеоға қарағанда, Волостағы жолдар су астында қалып, көлік қозғалысы тоқтап, көптеген дүкендер мен үйлерді су басқан.

Жаңбыр салдарынан болған су тасқыны бұған дейін өрттен үлкен шығынға ұшыраған бірнеше қалаға да әсер етті.