2025 жылдың 31 наурызында Парикия мен Наусса аймақтарында нөсер жауын құйып, су тасқыны орын алды.
Сурет: pexels
ERNUR.KZ. Грекияда бұрын-соңды болмаған дауыл соқты. Нәтижесінде ең танымал Парос, Сирос және Миконос аралдарын тасқын су басып қалды, деп жазады zakon.kz.
2025 жылдың 31 наурызында Парикия мен Наусса аймақтарында нөсер жауын құйып, су тасқыны орын алды. Табиғи апат Миконос аралында алдыңғыларымен салыстырғанда әлсізірек болса да, су үй-жайға кіріп, жолындағылардың бәрін жайпап келуде.
AP агенттігінің мәліметі бойынша, аралдардағы мектептер мен балабақшалар жабық.
Жергілікті тұрғындарға үйлерінен шықпау туралы ескертулер жіберіліп жатыр.
Бұл ретте, муниципалдық қызметтер мен жеке компаниялар жолдарды тазалау жұмыстарын үздіксіз жүргізуде.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жайлы ақпарат келіп түспеген.