Шамамен 15 адам жарақат алды.
ERNUR.KZ. 23 қараша күні таңертең Иерусалимнің аялдамаларындағы жарылыстардан бір адам қаза тапты, деп жазады stan.kz.
Шамамен 15 адам жарақат алды.
Бірінші жарылыс таңғы сағат 7-де орталық автобекеттің жанында орын алды. Екінші жарылыс көп ұзамай жарты сағаттан кейін Рамот қиылысында болды.
Израиль полициясы Иерусалимдегі жарылыстың әртүрлі нұсқаларын, соның ішінде террористік актіні қарастыруда.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, бірінші жарылыс салдарынан кемінде он адам жараланған, олардың төртеуі ауыр жағдайда.
Сағат 8:00-де полиция автовокзалдар мен аялдамаларды жауып, жарылғыш құрылғыларды іздей бастады.