Ілмиген жігіт сүйіктісін көтеремін деп қолын сындырып ауруханаға түсті

0
1 848

Дәрігерлер жігіттің қолының сынғанын және сіңірінің үзілгенін анықтады.


Ілмиген жігіт сүйіктісін көтеремін деп қолын сындырып ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласының тұрғыны ғашығын қолына көтеремін деп, ауруханаға түсті. Қызды көтергеннен оның сүйегі сынып, сіңірі үзіліп кеткен, деп жазады Stan.kz.

Ғашықтар 20 мамырда Қытайдағы бейресми мерекелердің бірі ғашықтар күнін атап өткен. Сонда 20 жастағы жігіт сезімге бой алдырған, салмағы 65 келі болатын ғашығын көтеріп алған. Сол сәтте ол бірдеңенің шарт етіп сынғанын естіп, оң қолының қатты ауырғанын сезінді.

Зәресі ұшқан жігіт ғашығымен бірден аурухана аттанды. Онда дәрігерлер жігіттің қолының сынғанын және сіңірінің үзілгенін анықтады. Осыған байланысты жас жігітке шұғыл түрде ота жасау қажет болды. Дәрігердің айтуынша, жігіт физикалық тұрғыда әлсіз болғандықтан осындай жарақат алып тұр.