Индонезия астанасы көшіріледі

0
2 218

Шамамен 32 миллиард АҚШ доллары жұмсалады деген жоспар бар.


Индонезия астанасы көшіріледі

ERNUR.KZ. Индонезия астанасы Джакарта қаласынан Калимантан аралының оңтүстік-шығыс бөлігіне көшіріледі. Бұл туралы мемлекет басшысы президент Джоко Видодо тікелей эфирде хабарлады, деп жазады 24.kz.

Оған шамамен 32 миллиард АҚШ доллары жұмсалады деген жоспар бар. Негізгі жұмыстар 2021 жылы басталады.

Индонезияның ұлттық даму және жоспарлау министрінің айтуынша, 2024 жылға қарай үкімет жаңа астанаға көшеді.

"Джакарта мен Ява аралында халық өте тығыз орналасқан. Көлік кептелісі, ауаның ластануы және су мәселесі тұрғысынан түйткіл жайттар бар. Соңғы үш жылда үкімет осыған қатысты зерттеу жүргізді. Нәтижесінде Шығыс Калимантанда жаңа астана салынады, деп шешім қабылдадық" - дейді Индонезия президенті Джоко Видодо.