​Индонезияда күшті жер сілкінісі болды

0
178

Жер сілкінісінің ошағы Соронг қаласынан оңтүстікке қарай 295 шақырым жерде орналасқан.


​Индонезияда күшті жер сілкінісі болды

Фото: oxu.az

ERNUR.KZ. Индонезияда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында хабарланды, деп жазды inform.kz.

"Жер сілкінісінің ошағы Соронг қаласынан оңтүстікке қарай 295 шақырым жерде орналасқан. Апат ошағы 34 шақырым тереңдікте орналасқан. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ", — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Жапонияның Нагано префектурасында 5 балдық жер сілкінісі болды. Цунами қаупі жоқ екені айтылды.