Бұған дейін Тимор-Лестенің Лоспалос қаласынан 83 шақырым шығысқа қарай магнитудасы 5,3 жер сілкінісі болғаны хабарланған.
Фото: Анадолу
ERNUR.KZ. Индонезияның Солтүстік Малуку провинциясындағы Тобело қаласының маңында магнитудасы 5,6 жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inform.kz.
Жерасты дүмпулерінің эпицентрі 2,422° солтүстік ендік және 128,170° шығыс бойлықта, Тобело қаласынан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 78 шақырым жерде орналасқан.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін Тимор-Лестенің Лоспалос қаласынан 83 шақырым шығысқа қарай магнитудасы 5,3 жер сілкінісі болғаны хабарланған.


