Непалдағы мұздықтың опырылуынан болған тасқыннан кейін зерттеу жарияланды.
Фото: lenta.ua
ERNUR.KZ. Соңғы 10 жылда Гималай аймағындағы мұздық массасының жоғалуы алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда 65 пайызға жылдамдаған, деп жазады inbusiness.kz.
26 тамызда Непалдың Қытаймен шекаралас аудандарында 1300-ден астам адамның өмірін қиған тасқын Гималай мұздықтарының жағдайына қайтадан назар аудартты.
Systemiq консалтингтік компаниясы мен Үндістанның Integrated Mountain Initiative (IMI) үкіметтік емес ұйымы бірлесіп дайындаған баяндамада шекті шекке жақындап қалған Гималай аймағында миллиондаған адамға қауіп төніп тұрғаны атап өтілген.
Баяндамада бұл аймақтағы мұздықтардың бұрынғыдан әлдеқайда жылдам еріп жатқаны, ал соңғы 10 жылдағы мұздық массасының азаюы өткен кезеңдерге қарағанда 65 пайызға жеделдегені айтылады.
Бұдан бөлек, аймақтағы 40 мың мұздықтың тек 0,1 пайызына ғана бақылау жүргізілетіні белгілі болды. Ал тағы бір қауіп факторы болып табылатын тоң қабаты туралы ақпарат тіпті аз.
Үндістан территориясының тек 18 пайызы ғана Гималай аймағында орналасқанына қарамастан, елдегі табиғи апаттардың шамамен 35 пайызы дәл осы өңірде тіркелетіні, бұл мемлекет экономикасына үлкен қауіп төндіретіні атап өтіледі.


