Сурет: Instagram/aslanbek_shymbergenov
Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық боксшы спорттағы жолында ел ішіндегі және халықаралық жарыстарда елеулі жетістіктерге жеткен.
Асланбек Шымбергенов екі рет Қазақстан чемпионы атанды. 2019 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетсе, үш жылдан кейін Азия чемпионы болды. Ал оның спорттық мансабындағы басты жетістігі – 2023 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісі.
"Боксқа қайта оралу туралы ой болды. Тіпті жаттығуға қайта кірісіп көрдім. Бірақ болмады. Сондықтан спорттық мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Қазір Жамбыл облысындағы кәсіпқой бокс клубы басшысының орынбасары қызметін атқарып жүрмін", – деп келтіреді Шымбергеновтің сөзін Sportbugin.kz.
Бұған дейін Назым Қызайбай маңызды жарыстар алдында үндеу жасаған еді.


