Комбайндар өндірісінің негізгі үлесі Ақмола облысына – 47,9%, Қостанай облысына – 32% және Солтүстік Қазақстан облысына – 18% тиесілі.
фото: Акорда
ERNUR.KZ. Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі артты, деп жазады sputnik.kz.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 22,3%-ға артты.
"Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын өндірумен айналысатын кәсіпорындар мен өндірістердің саны 40 бірлікті құрады. Өндіріс құрылымында негізгі үлес ауыл шаруашылығы машиналарына тиесілі – 72,5%", - деп жазылған хабарламада.
Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылы елімізде 1 236 астық жинайтын комбайн өндірілді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 13,7%-ға жоғары. Комбайндар өндірісінің негізгі үлесі Ақмола облысына – 47,9%, Қостанай облысына – 32% және Солтүстік Қазақстан облысына – 18% тиесілі.
Өткен жылдың қаңтар-маусым айларында 9 астық жинайтын комбайн экспортталды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 16 бірлікті құрады. Астық жинайтын комбайндардың негізгі экспорттық бағыттары Тәжікстан, Грузия және Өзбекстан болды.


