Индонезияда жер сілкінісі болып, дәрігерлер мен науқастар үйінді астында қалды

0
2 667

​Жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалды


Индонезияда жер сілкінісі болып, дәрігерлер мен науқастар үйінді астында қалды

ERNUR.KZ. Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет жер асты дүмпуі болып, салдарынан жеті адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Землетрясение в Индонезии

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Индонезияда 5,7 және 6,2 магнитудалы екі жойқын жер сілкінісі болды. Бұған дейін 3 адам қаза тауып, 24 адам жараланғаны туралы ақпарат таратылған болатын.

Землетрясение в Индонезии

Индонезияның метеорология және геофизика агенттігі жер сілкіністерінен кейін елде кемінде 26 афтершок, яғни кейінгі дүмпу болғанын мәлімдеді. Агенттік тағы бір қуатты жер сілкінісі болса, оның салдарынан цунами таралу қаупі бар екенін айтты.

Землетрясение в Индонезии


Сондай-ақ, жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.