Иракта қарулы қақтығыс салдарынан 40 адам жан тапсырды

0
792

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан ауыр жарақат алғандар саны 245-тен асты.


Иракта қарулы қақтығыс салдарынан 40 адам жан тапсырды

ERNUR.KZ. Ирактағы шиеленіс өршіп барады. Кешегі өрттен кейін демонстранттарды полицейлер күшпен таратпақ болған, 1 тәулік ішінде 40 адам оққа ұшқан, деп жазады Atameken Business.

Қазір елдің батысындағы жағдай қиын. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан ауыр жарақат алғандар саны 245-тен асты. Билік қауіпсіздікті күшейтіп жатыр.

Ирактағы наразылық акциялары қазан айында басталған болатын. Содан бері полиция мен халық арасындағы қарулы қақтығыс толастар емес. Тәртіп сақшылары демонстранттарға қару қолданып, екі айдың ішінде 400-ге жуық адам жан тапсырған. Ауыр жарақат алғандар саны 15 мыңнан асады.

Шеруге шыққандар бастапқыда жемқорлықты жойып, жұмыс орындарын ашуды талап еткен. Кейін саяси жүйені өзгерткісі келді. Олар Премьер-министрдің отставкаға кеткенін қалайды.