​Иран портындағы жарылыстан қаза тапқандар саны артты

0
633

Оқиға орнынан түсірілген кадрлардан порттың бір бөлігінің қатты зақымданғанын көруге болады.


​Иран портындағы жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Иранның оңтүстігінде, Парсы шығанағы жағалауындағы Бендер-Аббас портындағы жойқын жарылыстан қаза тапқандар саны 14-ке жетті, деп жазады inform.kz.

Иран мемлекеттік телевидениесінің мәліметінше, Иран Ішкі істер министрі Искендер Мумени құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтты. Мумени зардап шеккен 200 адам ауруханалардан шығарылғанын, жалпы шығарылғандар саны 412 адамға жеткенін атап өтті. Қазір ауруханаларда шамамен 300 адам ем алып жатыр.

Иран Ішкі істер министрі өрт бақылауға алынғанын, бірақ оны толық сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатқанын хабарлады.
Еске салсақ, күндіз Бендер-Аббас портында жойқын жарылыс болды. Оның себебі әзірге белгісіз. Бастапқыда 47 адам жараланғаны және 8 адам қаза тапқаны хабарланған, бірақ кейін зардап шеккендер саны 750-ге жетті. Оқиға орнынан түсірілген кадрлардан порттың бір бөлігінің қатты зақымданғанын көруге болады.
Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.