Әлеуметтік желі қолданушылары жаппай істен шығулар болып жатқанын хабарлады.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Иран билігі елде басталған жаппай үкіметке қарсы наразылықтарға жауап ретінде интернетке қолжетімділікті шектеді. Наразылықтарға экономикалық дағдарыс пен жоғары инфляция себеп болған, деп жазады kaz.inform.kz.
IT саласындағы Cloudflare компаниясының деректеріне сәйкес, сенбі күні интернет-трафик шамамен үштен біріне төмендеген, ал жексенбі күні таңертең тағы 15 пайызға азайған.
Әлеуметтік желі қолданушылары жаппай істен шығулар болып жатқанын хабарлады.
Иран билігі бұған дейін де интернетті 2009, 2019 және 2022 жылдардағы наразылықтар кезінде, сондай-ақ өткен жылдың маусымында Израильмен болған 12 күндік соғыс кезінде шектеген еді.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай шектеулердің басты мақсаты — шерулерді ұйымдастыруды қиындату және наразылықтардан фото мен видеолардың таралуына кедергі келтіру.
Осы уақытта құқық қорғау ұйымдарының мәліметінше, елдің батысындағы Малекшахи ауданында болған соңғы қақтығыстар кезінде кемінде төрт адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Бұл өңірде күрд ұлтынан шыққан ирандықтар көп тұрады.
Бұған дейін ирандық БАҚ Ислам революциясы сақшылар корпусының бір жауынгері мен «Басидж» парамилитарлық жасақтарының бір мүшесі қаза тапқанын хабарлаған.
Ирандағы наразылықтар бір аптадан астам уақыттан бері жалғасып келеді. Алғашында шерулер Тегеранда басталып, кейін басқа қалалардағы студенттер қосылған.


