Иранда жер сілкінісі болып, тоғыз адам зардап шекті

0
292

Зардап шеккендердің барлығы жеңіл жарақат алған.


Иранда жер сілкінісі болып, тоғыз адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Иранның солтүстігіндегі Гермсар қаласының маңында 3 қарашада 4,6 баллдық жер сілкінісі болып, тоғыз адам зардап шекті, деп жазады Zakon.kz.




Зардап шеккендердің барлығы жеңіл жарақат алған.

Сондай-ақ, қаладағы абоненттердің бір бөлігінде жарықсыз қалған. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, шамамен 49,4 мың адам тұратын Гермсардан солтүстік-шығысқа қарай бес шақырым қашықтықта 4,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы 35 шақырым тереңдікте орналасқан.


Иранның тағы бір агенттігі - IRIB мәліметі бойынша, жер сілкінісі Тегеранда, сондай -ақ оның маңындағы Кередж қаласында да сезілді. Сонымен қатар, агенттіктің хабарлауынша, Тегеран маңындағы қала аттас провинцияның әкімшілік орталығы болып табылатын Куме қаласында да жер асты дүмпулері сезілді.