Балқаштағы екінші АЭС-ті кім салады

0
119

Қазіргі кезде бұл мәселе Қытайдың ұлттық атом компаниясымен пысықталып жатыр.


Балқаштағы екінші АЭС-ті кім салады

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Балқаштағы екінші АЭС құрылысы бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Аққенженов айтты, деп жазады sputnik.kz.
Бірінші АЭС-ты ресейлік "Росатом" компаниясы салады. Ал екінші станцияны Қытай салуы мүмкін.
"Қазіргі кезде бұл мәселе Қытайдың ұлттық атом компаниясымен пысықталып жатыр. Жобаның және келісімнің негізгі көрсеткіштерін, сондай-ақ, мерзімін талқылап жатырмыз. 2035 жылға дейін жобалар аяқталуы қажет" , - деді Аққенженов үкіметтегі брифингте.
Айта кетері, Тоқаев биылғы жолдауында "Балқаш" және "Мойынқұм" атом электр станцияларының құрылысына қатысты тапсырма берген болатын.