Испанияда балалардың денесінен түк шыға бастады

0
1 478

Миноксидилді қабылдаған балаларда гипертрихоз ауруы пайда болған. Яғни олардың денесінен түк шыға бастаған.


Испанияда балалардың денесінен түк шыға бастады

ERNUR.KZ. Испанияның Кантабрия өңіріндегі Торрелавега қаласында 20 баланың денесінен түк шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

Жергілікті билік бір топ балаға қателесіп, іш ауруын емдейтін омепразол дәрісінің орнына шаштың өсуіне арналған миноксидилді бергенін мойындады. Себебі дәріге таңба дұрыс қойылмай, ол қаладағы дәріханаларға жеткізілген.

Daily Mail

Миноксидилді қабылдаған балаларда гипертрихоз ауруы пайда болған. Яғни олардың денесінен түк шыға бастаған. Қала билігіне қатесін мойындауға, дәріні кері қайтаруға және мұндай олқылыққа жол берген зертхананы жабуға 2 ай уақыт кеткен.

Ашулы ата-аналар бұл жағдайды көпшілік білгенін қалаған. Бұл жағдайға қатысты тергеу басталған. 2019 жылы мұндай жағдай Андалусия мен Валенсияда да болған. Зардап шеккен отбасылар зертханаға және бірнеше компанияға препаратты өндіріске импорттағаны және таратқаны үшін және Кантабриядағы екі дәріханаға азаматтық және қылмыстық шағым түсірді

Айта кетейік, гипертрихоз емделмейтін ауру болып саналады. Сондықтан балалардың бұл аурудан жазылатын-жазылмайтыны белгісіз болып тұр.