Жарақат алғандар саны әртүрлі көрсетіледі — олардың саны 25-тен 100 адамға дейін болуы мүмкін.
Фото: Fotografias.antena3.com
ERNUR.KZ. Испанияның EFE ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Испанияның оңтүстігіндегі Кордова провинциясына қарасты Адамуз қаласында екі жоғары жылдамдықты пойыздың рельстен шығуы салдарынан 10 адам қаза тапты, деп жазады inform.kz.
Белгілі болған деректерге сүйенсек, жарақат алғандар саны әртүрлі көрсетіледі — олардың саны 25-тен 100 адамға дейін болуы мүмкін.
БАҚ мәліметтеріне сәйкес, алдымен Малагадан Мадридке бағыт алған пойыз рельстен шыққан. Ол қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, сол сәтте ол жолмен келе жатқан екінші пойызбен соқтығысқан, соның салдарынан ол да рельстен шыққан.
Апат орнынан түсірілген видеоларда соқтығысудан кейін кемінде бір вагон немесе локомотивтің аударылып қалғаны көрінеді.
Соқтығысудың күші «жер сілкінісіндей болды», деп AFP агенттігі пойыз жолаушыларының бірінің сөзін келтіреді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, екі пойыздың құрамында жалпы саны 400-ге дейін адам болуы мүмкін. Осы учаскедегі пойыз қозғалысы толықтай тоқтатылды.
«Келіп түсіп жатқан ақпарат өте ауыр», деп жазды Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.


