Испаниядағы тасқыннан 51 адам қаза тапты

0
223

Тасқын судан Валенсия мен Альбасете өңірінде бірнеше тұрғын жоғалып кеткен.


Испаниядағы тасқыннан 51 адам қаза тапты

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Испанияның шығысы мен оңтүстігінде толассыз жауған нөсер жауыннан кейін алапат тасқын жүрді, деп жазады zakon.kz.

"Би-Би-Си-дің" мәліметінше, табиғи апаттан 51 адам қаза тапқан.

Тасқын судан Валенсия мен Альбасете өңірінде бірнеше тұрғын жоғалып кеткен.

Олар дрондардың көмегімен іздестіріліп жатыр. Көптеген аудан су астында қалып, теміржол және әуе қатынасы кедергілерге тап болды.

Кей жерлерде жауын-шашынның бір айлық мөлшері жауған. Мектептерде сабақ тоқтады.

Саябақтар жабылды. Испания билігі тұрғындарға мейілінше үйде отыруға кеңес берді.