Италиядағы курортта қар көшкіні жүріп, адамдар қаза тапты

0
112

Қайғылы оқиға Лепонтин Альпісінің шығыс беткейіндегі Пунта Вальгранде шыңының маңында, Италия мен Швейцария шекарасында болған.


Италиядағы курортта қар көшкіні жүріп, адамдар қаза тапты

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Италия тауларында қар көшкіні бес адамды басып қалды, олардың үшеуі қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

Телеарна мәліметінше, оқиға Пьемонттағы Вербано-Кузио-Оссола аймағында, теңіз деңгейінен 2800 метрден жоғары биіктікте орналасқан Траскера ауылының маңында болған.

"Олардың үшеуі 400 метр төменге құлап, қайтыс болды, ал қалған екі адам тікұшақпен жергілікті ауруханаға жеткізілді", – делінген материалда.

Қайғылы оқиға Лепонтин Альпісінің шығыс беткейіндегі Пунта Вальгранде шыңының маңында, Италия мен Швейцария шекарасында болған.

Қазіргі уақытта қайтыс болғандардың денелері шығарылған жоқ, өйткені жергілікті биліктің рұқсаты күтіледі. Тау-шаңғы құтқару қызметінің өкілі үш қайтыс болған адамның Вербаниядан шыққан жас жігіттер екенін және олар белгіленген соқпақпен жүргенін айтты.

Құтқарушыларға көшкін туралы үш адамды көрген шаңғышы хабарлады ма, әлде аман қалған екі адам хабар берді ме – бұл әзірге белгісіз.

Бұл аймақта қардың көптігі айтылған. 2100 метр биіктікте көшкін қаупі 5 балдық шкала бойынша 3 деңгейде белгіленген, яғни "айтарлықтай" қауіп бар.