Израиль-Палестина қақтығысында 60 журналист қаза тапты

0
1 224

БАҚ өкілдеріне әлі де қауіп төніп тұр.


Израиль-Палестина қақтығысында 60 журналист қаза тапты

ERNUR.KZ. 7-қазаннан бүгінге дейін Израиль-Палестина қақтығысында 60 журналист қаза тапқан. Бұл туралы Газадағы Палестина үкіметінің медиа кеңсесі мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

Медиа-кеңсе таратқан хабарға сүйенсек, Израиль әскерінің Газаға жасаған шабуылы кезінде қаза тапқан 60 баспасөз қызметкерінің 4-і әйел екені анықталды.

Ал күні кеше ғана Палестиналық журналист Сари Мансур Израильдің Газадағы Бурайж босқындар лагеріне жасаған шабуылы барысында өмірмен қош айтысты.

Айта кетейік, БАҚ өкілдерінің кейбірін Израиль армиясының зымырандары тікелей нысанаға алса, басқалары әуе шабуылы кезінде үйлері қирап, отбасыларымен бірге қаза тапқан көрінеді.