Израильдің бірнеше жойғыш ұшағы 13 маусымда Иранға жасалған әуе шабуылы кезінде Түркияның әуе кеңістігін бұзған.
Фото: aa.com.tr
ERNUR.KZ. Бұл туралы Hürriyet газетінің шолушысы Ханде Фырат өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Түркияның Әуе күштері израильдік ұшақтарды анықтағаннан кейін бірнеше F-16 ұшағын көкке көтеріп, шекара бұзған ұшқыштарға ел аумағынан дереу шығу туралы нұсқау берген. Ұшқыштар бұл бұйрықты бірден орындаған. Түркия тарапы бұл оқиғаны кездейсоқ жағдай ретінде бағалап отыр.
Сонымен қатар, газет шолушысы Израильдің әскери-әуе күштері көбіне көршілес Сирия мен Ирак аумағы арқылы ұшатынын атап өтті. Сирияда әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі болмағандықтан, Израиль тарапынан ешқандай рұқсат сұралмайды. Ал Ирак әуе кеңістігі АҚШ-тың бақылауында және Израильге ашық.