Израильде балаларды жаппай вакциналау басталды

0
661

​6 қарашада Коста-Рика бірінші болып балаларды коронавирусқа қарсы вакцинамен егуге міндеттеді.


Израильде балаларды жаппай вакциналау басталды

ERNUR.KZ. 23 қарашада Израильде 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға COVID-19 дертіне қарсы жаппай вакциналау науқаны басталады, деп жазады inbusiness.kz.

Осы уақытқа дейін емханалар мен жергілікті әкімшіліктерге 22 мың өтініш келіп түсті. 440 бала коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Израиль премьер-министрі Нафтали Беннеттің ұлы да вакцина ектіретіні жарияланды.

Вакциналауды толықтай жүргізу үшін елге Pfizer препаратының партиясы жеткізілді. 6 қарашада Коста-Рика бірінші болып балаларды коронавирусқа қарсы вакцинамен егуге міндеттеді.

Қаулыны "балалар мен жасөспірімдердің мүдделерін қамтамасыз ету принципіне сәйкес" Ұлттық вакцинация және эпидемиология комиссиясы шығарды.