Израильде үшінші мәрте локдаун енгізілді

0
1 878

Израильде әлем бойынша COVID-19 инфекциясы таралуының ең жоғары көрсеткіштерінің бірі тіркелген.


Израильде үшінші мәрте локдаун енгізілді

ERNUR.KZ. Израильде пандемия басталғалы инфекцияның таралуын тоқтатуға бағытталған локдаун үшінші рет енгізілді. Ел билігі жаппай вакцина егу науқанын жалғастырып, осы карантиннің соңғы болатынына үміттеніп отыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Жексенбіден бастап Израиль тұрғындарына үйлерінен себепсіз шығып, одан бір шақырымнан ұзақ алыстауға тыйым салынған, өмірлік маңызы жоқ барлық дүкендер мен кәсіпорындар жабылуда. Локдаун кем дегенде екі аптаға енгізіліп жатыр.

Израильде әлем бойынша COVID-19 инфекциясы таралуының ең жоғары көрсеткіштерінің бірі тіркелген: 9 млн жуық халқы бар елде 400 мыңға жуық адам ауруға шалдығып, вирустан 3,2 мыңнан астам тұрғын қайтыс болды. Алайда Израильде жаппай вакциналау жалғастырылып жатыр.

Осы аптаның басынан бері коронавирусқа қарсы екпені 280 мың израильдік азамат жасатқан, ал елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудің айтуынша, келесі демалыс кұндеріне қарай күн сайын 150 мың екпе жасалуы тиіс.

Ел билігі қаңтар айының соңына қарай ел тұрғындарының жартысына вакцина егіп, наурызға қарай пандемияны толық жеңуге үміттеніп отыр.