Тағы екі альпинистің тағдыры әзірге белгісіз.
Фото: Kazinform
ERNUR.KZ. Кабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында қар көшкінінен қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. Құтқарушылар тағы бір альпинистің денесін тапты, деп жазады inform.kz.
Тағы екі альпинистің тағдыры әзірге белгісіз. 10 қыркүйекте іздеу-құтқару жұмыстары ауа райының нашарлауына және қар-мұз массасының қайта сырғу қаупіне байланысты тоқтатылды. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын 11 қыркүйекте жалғастырады.
6 қыркүйекте Мижирги тауының баурайынан түскен қар көшкіні Безенги шатқалында 33 альпинистен тұратын топты басып қалған. ТЖМ мәліметінше, 10 адам өздігінен шығып, тағы алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.


