Кафеде тоқ ұрып, екі мектеп түлегі көз жұмды

0
1 176

Кафеге кіріп, балмұздақ жемек болған екі оқушыны да тоқ ұрған.


Кафеде тоқ ұрып, екі мектеп түлегі көз жұмды

ERNUR.KZ. Наманған облысында мектепті бітіріп жатқан екі түлек электр тоғынан қаза тапқан, деп хабарлайды ktk.kz.

№67 мектептің директоры Гүлнара Кадырова қайғылы оқиға сабақтан кейін болғанын айтады.

"Балалар мектептен шығып, үйіне жол тартқан. Одан кейін спорт жаттығуына бару керек болған. Жолда кафеге кіріп, балмұздақ жемек болған. Осы кезде кафе қызметкері балмұздақ әзірлейтін аппаратты жерге қойғанда, токқа жалғанатын сымы арық жанында жатқан. Оқушының бірі қолын жумақ болып арыққа барған кезде, оны тоқ ұрып, арықтағы суға құлап түседі. Оның сыныптасы ток ұрғанын білмей, жүгіріп құтқармақ болған кезде, оны да тоқ ұрған" – дейді мектеп директоры.

Оның айтуынша, кафедегі адамдар жәдел жәрдем шақырмай, өздерінше көмектеспек болған.

"Көшеде шуды естіп, кафеге жүгіріп бардық. Онда адамдар өздерінше алғашқы көмек көрсетіп жатыр екен. Сосын жедел жәрдем келді. Бірақ кеш болды. Тым ауыр жағдай, олардың мектепті бітіруіне екі-ақ күн қалған еді", – дейді Гүлнара Кадырова.

Кафе қазір жабылған. Оның қожайынына қылмыстық іс қозғалған.