​Камчаткада соңғы тәулікте 7 жер сілкінісі тіркелді

0
119

Қазір аймақтағы 5 жанартауда белсенділік байқалды.


​Камчаткада соңғы тәулікте 7 жер сілкінісі тіркелді

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Камчаткада 8,8 баллдық жер сілкінісінен кейінгі дүмпу процесі жалғасып келеді. Ғалымдар соңғы тәулікте 7 сейсмикалық оқиғаны тіркеді, деп жазады inform.kz.

— Соңғы тәулікте магнитудасы 4,8-ге жеткен 7 жер сілкінісі болды. Бір жерасты дүмпуі облыстағы елді мекендерде сезілді, — деп хабарлады ТЖМ облыстық басқармасы.

Қазір аймақтағы 5 жанартауда белсенділік байқалды. Ғалымдардың айтуынша, олардың кейбіреулеріне жер сілкінісі себеп болған.
Айта кетейік, Филиппин жағалауында 5,7 магнитудалық жер сілкінісі болды.