Камчаткадағы жанартау 12 шақырым биіктікке күл атқылады

0
84

Шивелуч — Камчаткадағы белсенді жанартаулардың бірі.


Камчаткадағы жанартау 12 шақырым биіктікке күл атқылады

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Камчаткада 18 шілде күні таңертең Шивелуч жанартауы атқылап, күл 12 шақырым биіктікке дейін көтерілді, деп жазады inform.kz.

Басылымның мәліметінше, Камчатка өлкесіндегі Шивелуч жанартауы теңіз деңгейінен шамамен 12 мың метр биіктікке күл шығарған. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Геофизика қызметінің Камчаткадағы филиалы «Макс» платформасында хабарлады.
— 18 шілде күні сағат 07:17 мен 07:32 аралығында (Астана уақытымен 09:17–09:32) спутниктік деректерге сәйкес, Шивелуч жанартауында теңіз деңгейінен шамамен 12 000 метр биіктікке күл атқылауы тіркелді, — делінген хабарламада.

Шивелуч — Камчаткадағы белсенді жанартаулардың бірі. Ол Ескі Шивелуч жанартауынан, ежелгі кальдерадан және белсенді Жас Шивелуч жанартауынан тұрады. Жанартаудың жасы шамамен 60–70 мың жыл. Ол Усть-Камчатка округіндегі Ключи кентінен шамамен 50 шақырым, ал Петропавл-Камчатский қаласынан 450 шақырым қашықтықта орналасқан.