Камчаткадағы зілзаладан кейін Жапониядағы жағажайдан төрт кит табылды

0
136

Теңіздегі апат салдары Жапония жағалауларында байқала бастады.


Камчаткадағы зілзаладан кейін Жапониядағы жағажайдан төрт кит табылды

Foto: Toshiyuki Kon

ERNUR.KZ. Камчатка түбегінде 2025 жылғы 30 шілдеге қараған түні болған 8,7 магнитудалы жер сілкінісінен кейін Жапонияның Чиба префектурасында, нақтырақ айтқанда Татеяма қаласындағы Хейсаура жағажайында төрт кит жағаға шығып қалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оларды алғаш болып жергілікті тұрғын байқапты. Ол таңертең серфинг алдында толқын биіктігін тексеруге шыққан кезде, жағада жатқан төрт китті көрген.

«Бұған дейін де жағаға шығып қалған бірлі-жарым китті көргенмін, бірақ төрт бірдейін алғаш рет көруім», – дейді ол.

Жапонияның TBS телеарнасына тиесілі тікұшақтан түсірілген кадрларда теңіз жануарларының жағада қозғалыссыз жатқан сәттері тарады. Олардың әлсін-әлсін қозғалып, жүзуге шамасы жетпей жатқаны байқалады.

Камчаткадағы бұл жер сілкінісі 1952 жылдан бергі ең күшті табиғи апат ретінде тіркелді.