Құмтор қырғыз экономикасының 10%-ын құрайды.
ERNUR.KZ. Қырғыз басшысы келе сала, шетелдік компанияларды мемлекет меншігіне қайтару әрекеттеріне көшкен. Соның бірі "Құмтор" кен орны. Оны канадалық компания игеріп жатыр. Енді Жапаров бұйрығымен ол кен орнындағы канадалық компанияға қатысты қысым басталған, деп жазады zakon.kz.
"Сарапшылар енді Бішкек осындай инвестициялық шарттарды бұзып, әрекет етсе жағдай нашарлайтынын, тіпті санкциялық соғыстар болатынын атап өтуде. Құмтор қырғыз экономикасының 10%-ын құрайды. Ал енді канадалық Centerra Gold компаниясы Қырғызстанды халықаралық сотқа берді. Олар Бішкектен 3 млрд доллар талап етпек. Жеңіп кетсе Бішкек "мамалап" қалатыны анық. Елге, мемлекет меншігіне қайтарып, жүргізе алса жақсы әрине. Алайда тәуелсіз сарапшылар Жапаров кен орындарын тартып алып, өз жақындарына үлес бермекші деген ой айтуда. "Құмтор" Қытайға 60 шақырым жерде орналасқан. Оны канадалық компаниядан алып, қытайлық компанияға беріп жіберу мүмкін деген қауіп те жоқ емес", дейді автор.
Айта кетсек, Канаданың сыртқы істер министрлігі мен Халықаралық сауда және шағын кәсіпкерлік министрлігі Қырғызстанның Құмтөр алтын кені төңірегіндегі жанжалға қатысты бірлескен мәлімдеме таратты, деп жазды centralasian.org.
Мәлімдемеде Канада маңызды инвестициялық әріптесі саналатын Қырғызстандағы жағдайға алаңдап отырғанын айтты.
Біз Қырғызстан парламентінің 17 мамырда кезектен тыс жиналыста қабылдаған шешіміне өкіндік, - деп мәлімдеді екі министрліктің басшылары.
Жогорку Кенеш "Құмтөр Голд Компаниге" сырттай басқару енгізу туралы шешім қабылдаған. Мемлекеттік алтын кенін басқаруы үш айға созылады.
Биыл 7 мамырда Бішкектің Октябрь аудандық соты "Құмтөр Голд Компаниді" мемлекетке 261 млрд 719 млн сом төлеуге мәжбүрлеу туралы шешім шығарды. Қырғыз үкіметі компанияның өндіріс қалдықтарын мұздықтарда қалдыруына айыппұл салған.
"Құмтөр Голд Компани" қожайыны Centerra Gold Inc. Қырғызстан билігінің шешімдерін "алтын кенін мемлекет меншігіне қайтаруға талпыну" деп бағалады. 16 мамырда канадалық инвестор Қырғызстан үкіметіне қарсы төрелік сотқа шағым түсірді.