Провинцияда алғаш рет балалардың қаңқасы 10 жыл бұрын табылған.
ERNUR.KZ. Канадада үндіс балаларына арналған бұрынғы мектеп-интернаттың аумағында 751 баланың сүйегінің табылуына байланысты, тағзым ету акциясы өтті, деп жазады ҚазАқпарат.
Балалардың қаңқасы 24 маусым күні Канаданың батысындағы Саскачеван провинциясында орналасқан бұрынғы мектеп-интернаттың аумағында табылған.
Каусесс округінің жергілікті халқының қауымдастығымен ұйымдастырылған акция дұға оқудан басталды. Кейін қаза болған балалардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды.
Коронавирус пандемиясына байланысты дұға оқу шарасына 150 адам қатысты. Олар балалардың құрметіне 751 балауыз майшамын жақты.
Каусесс округінің жергілікті халқы қауымдастығының өкілі Джонатан Лераттың сөзінше, провинцияда алғаш рет балалардың қаңқасы 10 жыл бұрын табылған. Сондай-ақ ол қаңқалар мектеп-интернаттан 10 метр қашықтықта табылғанын айтты.
Канада корольдігінің атты полициясының мәліметінше, балалардың сүйектері табылғаннан кейін көп ұзамай Британ Колумбиясы провинциясының Симилкамин ауданында орналасқан католиктердің көне екі шіркеуі толығымен жанып кеткен. Оларға от қасақана қойылды деген болжам бар. Шіркеулер Камплупстағы мектеп-интернаттан 200 метр қашықтықта орналасқан. Осы Камплупста өрт оқиғасына дейін 215 баланың сүйегі табылған.
«Полиция өрт оқиғаларын күмәнді деп санайды. Себебі от қою үшін тез жанатын сұйықтық пайдаланылған және өрт екі шіркеуде бір мезгілде тұтанған», - делінген сайт ақпаратында.