Қарны аш жылан өз құйрығын жұтып қойды - видео

0
2 767

Қорық қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жағдай өте сирек кездеседі.


Қарны аш жылан өз құйрығын жұтып қойды - видео

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы бауырымен жорғалаушылар қорығында Кронос деген жыланның қарны қатты ашқаны сонша, құйрығының 25 сантиметрін жұтып қойыпты, деп жазады sputniknews.kz.

"Джесси қарны аш жыланды өзінен құтқарып жатыр", - деп жазды қорық қызметкерлері.

Олардың айтуынша, бұл сарбас жылан тұқымдас АҚШ-та көп кездеседі әрі басқа жыландармен қоректенеді. Оларға кейбір жыландардың уы әсер етпейтін көрінеді.

"15 жылдық тәжірибемізде жыланның өз-өзін жұтқалы жатқанын бірінші рет көріп тұрмыз", - дер атап өтті Forgotten Friend Reptile Sanctuary қызметкерлері.

Пост көптеген лайк жинап, қолданушылар осындай сирек оқиғамен бөліскен қызметкерлерге алғыс айтты.

Видеоға сарбас жылан тұқымдас усыз жылан түсірілген. Жыланның бұл түрінің басы үшбұрыштау келген, терісі қою қоңыр немесе қара түсті болады. Ұзындығы екі метрге дейін жетуі мүмкін.