Мамандар егде жастағы кісілер Альцгеймер мен Паркинсон ауруларына жиі ұшырайтындықтан, осы дерттермен күресуга қарсы дәрі-дәрмек шығарған.
ERNUR.KZ. АҚШ ғалымдары ағзадағы созылмалы аурулармен күресетін механизм ойлап тапты, деп жазады Тengrinews.kz.
Мамандар егде жастағы кісілер Альцгеймер мен Паркинсон ауруларына жиі ұшырайтындықтан, осы дерттермен күресуга қарсы дәрі-дәрмек шығарған.
Қартаю - зақымданған ДНҚ жиынтығы мен жасуша, тіндер және ішкі органдардағы гомеостазындағы ауытқулардан тұратын кешенді процесс. Бұл процесстегі ең әлсіз мүше ми болып келеді, оның қартаюы когнитив процесстердің әлсіреуі мен нейродегенератив процестердің күшеюінен байқалады дейді зерттеушілер.
Ғалымдар қартаюға қарсы әлеуетті заттарды іздеу үшін Connectivity Map мәліметтер базасын пайдаланған. Онда транскриптер синтезіне әсер етіп, оны күшейтетін немесе басатын дәрілік препараттар туралы ақпарат бар. соның ішінде гендердің белсенділігіне әсер етіп, адам өмірін ұзарта алатын 24 қосынды табылды. Сонымен қатар, бұл тізімдегі ресвератрол және сиролимусты қоса алғандағы төрт препараттың қартаюға қарсы әсері бары бұрын да айтылған екен. Оларды негізінен жануарларға сынап көрген.