​Кәсіпкер смартфонның кесірінен ажал құшты

0
2 151

Оқыс жағдай ер адам ұйықтап жатқан кезде болған.


​Кәсіпкер смартфонның кесірінен ажал құшты

Малазияда жергілікті бизнесмен қолындағы смартфоны жарылып кетіп қайтыс болды деп хабарлайды ERNUR.KZ Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқыс жағдай ер адам ұйықтап жатқан кезде болған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қайтыс болған Назрин Хассан – Cradle Fund кәсіпкерлік компаниясының атқарушы директоры болып қызмет атқарған.

Оқыс жағдай 45 жастағы кәсіпкер смартфонды жатын орнының қасына қуат көзіне қосып қойғанда болған.

Смартфон түсініксіз жағдайда жарылып кеткен. Артынша өрт шыққан. Денесінің 100 пайызы күйіп қалған Назрин Хассан оқиға орнында қаза тапқан. Жарылыс нәтижесінде смартфонның жарылып, бір бөлшегі ер адамның басына тиген. Жарылыстың әсерінен бөлмедегі барлық жиһаз өртеніп кеткен.

Марқұмның туыстарының айтуы бойынша кәсіпкердің Blackberry и Huawei маркалы екі смартфоны болған. Бірақ полиция екі телефонның қай маркасы жарылғанын айтпай отыр.

«Еш зияны жоқ телефон үш баланы әкесіз жетім қалдырады деп кім ойлаған», - деп күрсінді марқұмның туысы.