Катарда ішімдік іздеген фанаттар шейхтың сарайынан бір-ақ шықты

0
495

Сосын саяхатшылар көңіл көтеру кешінен суреттерді әлеуметтік желіге жүктеген.


Катарда ішімдік іздеген фанаттар шейхтың сарайынан бір-ақ шықты

ERNUR.KZ. Катарда өтіп жатқан әлем біріншілігін тамашалауға барған ұлыбританиялық екі турист сыра іздеп жүріп, кездейсоқ шейх сарайындағы көңіл көтеру кешіне тап болған, деп жазады tengritravel.kz.

Алекс есімді "Эвертон" жанкүйері 19 қарашада досымен бірге сыра іздеп жүріп, екі катарлық жігітті кездестірген. Сөйтіп жергілікті тұрғындар қонаққа шақырған.

"Біз Toyota Land Cruiser-ге міндік те үлкен бір сарайға бардық. Кеш зәулім сарайдың артында өтті, олар бізге өз маймылдарын және экзотикалық құстарды көрсетті. Сұмдық кеш болды", - дейді фанаттар.

Сосын саяхатшылар көңіл көтеру кешінен суреттерді әлеуметтік желіге жүктеген. Ондағы бір суретте ұлыбританиялық жігіттің катарлықтардың арасында отырғаны байқалады. Тағы бір суретте шетелдік азамат арыстанның баласын сипап отырғаны бейнеленген.

"Түнде біз шейхтың ұлдарының бірін кезіктірдік, ол бізді үйіне шақырып, арыстандары мен басқа да ел таңғаларлық дүниелерін көрсетті", - деді екінші саяхатшы.