25 қыркүйекте Венесуэлада да 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.
ERNUR.KZ. Филиппин жағалауында қуатты жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің магнитудасы 6,9 баллды құрады. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтында жарияланды, деп жазады baq.kz.
Зілзаланың эпицентрі Бого қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 18 шақырым жерде, ал ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
GMA News-тің жазуынша, жер сілкінісі салдарынан кемінде 26 адам қаза тауып, 147 тұрғын жарақат алды. Құтқару және іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды.
Айта кетейік, 25 қыркүйекте Венесуэлада да 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелген еді. Оның эпицентрі Мене-Гранде қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км қашықтықта орналасып, жер асты дүмпулері 10 км тереңдікте болған.