Қазақстан ауған әйелдеріне арналған транзиттік дәліз ұсынды

0
629

Транзит арқылы Алматы әуежайынан басқа елдерге ұшуға болады.


Қазақстан ауған әйелдеріне арналған транзиттік дәліз ұсынды

Қазақстан ауған әйелдері үшін транзиттік дәліз ұсынды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттемелеріне бейілділігін негізге ала отырып, Мемлекет басшысы ауған әйелдері, судьялары мен парламентшілері және олардың отбасы мүшелері үшін транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады",- деді СІМ.

Транзит арқылы Алматы әуежайынан басқа елдерге ұшуға болады.

Бұған дейін 17 қазанда Тоқаевтың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан бастаған делегация Ауғанстанға барған еді. Сыртқы саяси ведомство сапар аясында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сондай-ақ, сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланғанын хабарлаған.