Қазақстандық туған жері мен Оңтүстік Кореядағы өмірді салыстыра айтып берді

0
1 958

Жігіттің айтуынша, шетелде келешекке деген жол ашық, тек талпынысың болуы керек.


Қазақстандық туған жері мен Оңтүстік Кореядағы өмірді салыстыра айтып берді

ERNUR.KZ. Ақтау тұрғыны Игорь Ли осыдан бес жыл бұрын Оңтүстік Қореяға оқуға кеткен. Сол аралықта ол Корея мен Қазақстан арасындағы айырмашылықты аңғарып, сол ұлт өкілдерінен қандай айырмашылығымыз бар екенін InAktau.kz порталына баяндап берді, деп жазады tengrinews.kz.

Жігіттің айтуынша, шетелде келешекке деген жол ашық, тек талпынысың болуы керек. Қазақстанда жастардың рухани және мәдени жағынан өсуіне ден қоймайды.

"Басқа мемлекетте болған соң, міндетті түрде өзіңе тәлім ретінде бірдеңе алып шығасың. Әркімнен көргеніңді үйреніп, "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" дегендей тұлға ретінде дұрыс қалыптасуыңа жақсы бағдар", - дейді төртінші курс студенті.

Игорьдің айтуынша, Оңтүстік Қореяның тұрғындары өзінің қонақжайлылығымен және тәрбиесімен мақтана алатын халық. Әсірісе өзге ұлт өкілері мен туристерге деген қарым-қатынасы тым қарапайым. Адамдарға көз тоярлықтай басын изеп, сенен бір кіші болсын сіз деп тұрады. Игорь егер сырттан келген адамдар тілді дұрыс меңгермей жөн сұраған болса, сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдайды. Түсінбеген жағдайда қайта-қайта сұрап, түсінгеннен кейін жол сілтейді деді.


"Олар өте қарапайым, сәлемі түзу адамдар. Бәріне күлімсіреп қарайды. Бұл айырмашылығы әсіресе төлқұжат тексерісінен өткен кезде қатты байқалады. Біздікілер саған құдды бір ұры секілді қарап "Төлқұжатыңды дайыңда" деп сілкініп тұрса, ол жерде керісінше. Басында олар маған екіжүзді болып көрінетін. Себебі, біз секілді ешкімге сыр шерте бермейді. Кейін жақындаса келе олармен достасып, бір дастархан басында әңгіме-дүкен құрып, ашыла бастадық", - деді Игорь.

Кейіпкердің мәлімдеуінше, Корея мемлекетінде ТМД елдерімен салыстырғанда қылмыс атымен болмайды. Өзіңнің қауіпсіздігің жайлы алаңдамасаң да болады. Игорьдің айтуынша, шетелде жұмыс істеу еш қиындық тудырмайды. Кез келген адам, тіпті тіл білмейтін де жұмыс таба алады. Өз кезегінде Игорь әр салада жұмыс істеген. Ыдыс жуушы, ас үйде әзірлеуші болып, даяшы, менеджер болып та жұмыс істеген.

"Кез келген келушіге жұмыс табылады. Ол жерде расизм мен национализм деген ұғым атымен жоқ. Басқа ұлт өкілдеріне жайдары қарайды. Оларға сенің не теріңнің түсі, не сенің ұлтың маңызды емес. Мен оқу мен жұмысты бірге алып жүремін. Ол жердің төлемақысы сағатына 7 доллар. Тіл білсең, тіптен жақсы ақша табуға болады. Кәрістер жұмысқа ұқыптылықпен қарайды. Қол қусырып бір жерде отыра алмайды", - деп бөлісті Игорь.

Игорь кәрістерде "Палли-палли" деген сөз бар екенін айтты. Аударғанда тезірек жұмыс істе деген мағынаны білдіреді екен. Ешбір кәріс ұлт өкілі жұмысты баяу орындамайтынын, бір орында отырмайтынын атап өтті.


"Ақтауда адамдар жұмыс уақыты болсын, бос жүрсін демалғысы келіп тұрады. Үзіліс бола қалса, ұялы телефондарына теліміріп отырып алады. Оңтүстік Кореяда мүлдем олай емес. Олар үшін әр минут санаулы. Кәрістерде солай қалыптасып кеткен. Кішкентай баланың өзінде мультфильм көруге уақыты жоқ", - дейді Игорь.

"Ең бастысы кәріс ұлт өкілдерінде отбасы құндылықтары қатты бағаланады. Олар кеш үйленсе де, ешқашан ажыраспайды. Себебі, отбасы құру өміріңдегі маңызды қадам екенін бәрі біледі. Оларға басқа адамдардың ойы маңызды. Біреудің алдында жаман атты болып қалуға қорқады. Қазақтарды ол жерже біресе қытайға, өзбекке, жапондықтарға ұқстады. Көбінесе ол жерге ақша табу үшін барады. Әзірше қайта оралу жоспарымда жоқ. Өзімнің туған жерімді, Отанымды сағындым. Басқа мемлекеттен келген соң туған жеріңнің тіпті ауасы да бөлек қой", - деп қорытты Игорь Ли.