Қазақтың киіз үйі Бельгияда сұранысқа ие

0
3 847

Еуропада бұл баспана түрі улкен сұранысқа ие. Шаңырақ екі қабатты әйнек пен пластиктен жасалған. Өмір сүруге өте ыңғайлы үйдің ішінде бірнеше бөлме, жуыну бөлмесі, электрқуаты мен канализация жүргізілген. Жылыту пеші қауіпсіз органикалық отынмен жанады.


Қазақтың киіз үйі Бельгияда сұранысқа ие

Кәсіпкер Стефан Климовски Бельгияда киіз үй шығаратын «Be Yurt» фирмасын ашқан. Ол киіз үй үлгісін интернеттен көріп досымен бірге бірінші нұсқасын шығарған. Көшпелілер баспанасы кәсіпкердің қызығушылығын оятқан. Алғашқы нұсқасы тез арада сатылып, алдын ала тапсырыс берушілер көбейген. Дегенмен өзі Орталық Азияда болмаған. Оның бұл бастамасы танымал болып ол кәсібін үлкейткен деп хабарлайды ERNUR.KZ informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Стефанның бұл кәсібіне жарты жыл болды. Бельгия климатына ықшамдап шаңырақты биіктетіп, сатып алушыларға ыңғайластырып жасайды. Тұтынушылар бұл үйлерде жыл бойы, дауыл мен жаңбыр кезінде де тұру ыңғайлы деп пікір білдіруде.

Еуропада бұл баспана түрі улкен сұранысқа ие. Шаңырақ екі қабатты әйнек пен пластиктен жасалған. Өмір сүруге өте ыңғайлы үйдің ішінде бірнеше бөлме, жуыну бөлмесі, электрқуаты мен канализация жүргізілген. Жылыту пеші қауіпсіз органикалық отынмен жанады.

«Қазіргі кезде жаңадан отбасын құрғандарға жеке тұрғын үй алу қиын. 30-40 жыл бойы несие төлеуге мәжбүр боласыз. Көп адамдар өмір сүруге қолайсыз үйлерді алады. Ескі үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу керек және ол ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Сол аралықта баспана болуы керек. Оы себептен жас отбасылар киіз үйлерді алып жатыр. Ол өмір сүруге ыңғайлы, барлық жағдайы жасалған, әрі жылы»,- дейді кәсіпкер Климовски.