Әлеуметтік желіде тараған видео 25 миллионнан астам қаралым жинады.
ERNUR.KZ. Қытайдың Цзянсу провинциясындағы клиниканың трансплантолог хирургтері 30 жыл темекі шеккен адамның өкпесі қандай болатынын көрсетті, деп жазады Stan.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видео 25 миллионнан астам қаралым жинады. Желі қолданушылары роликті «темекіге қарсы ең үздік жарнама» деп атады.
Хирургтер көрсеткен өкпе өз ағзасын өзгелерге беруді ұйғарған 52 жастағы ер адамға тиесілі. Пациент өмірінің соңына дейін компьютерлік томография жасатпаған. Сондықтан трансплантологтар оның өкпесінің қандай күйде екенін тек алып шыққаннан кейін білді.
Анықталғандай, ол басқа адамға орнатуға жарамсыз болып шыққан. Видео қадрларынан ағзаны толықтай қара шайыр басқаны көрінеді.
«Бұл мемлекетте темекі шегетіндердің көбінің өкпесі осындай күйде. Қараңызшы, енді темекі шегуге батылыңыз жете ме?» - деп жазды дәрігер Чен Цзинюй.
Chen Jingyu Lung Transplantation Team received a brain death donation for the lung, the donor was 52 years old, After smoking for nearly 30 years, mild emphysema, bullae and calcification of tuberculosis were observed in the lung dust. Many smokers China have the same lung pic.twitter.com/Lbm1oQd2EU
— misskashmir (@saga63048934) November 15, 2019